Жаңалықтар тізбегі
0

Мамыр айында Қазақстан шекарасын 100-ден аса адам заңсыз кеспек болған

Қазақстан шекарасы, заңсыз кесу, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 12:55 Сурет: gov.kz
ҰҚК Шекара қызметі биылғы мамыр айындағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Ведомство мәліметінше, өткен айда шекараны заңсыз кескен немесе соған әрекеттенген 100 адам ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында құзырлы органдармен өзара бірлесіп, шекара кеңістігінде 3 368 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде:

  • 50 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 59 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 739 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 38 — есірткі заттары, жалпы салмағы — 143 гр;
  • 82 — атыс қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық, 2 дана зақым келтіру және 135 дана суық қарулары, 62 дана оқ-дәрілер);
  • 32 — діни әдебиет (561 дана);536 — жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (46 тоннадан астам);
  • 883 — жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 168 — жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактілердің алды алынды, сондай-ақ:

  • 8 дана жүзу құралдары;
  • жалпы ұзындығы 36,7 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 75 дана (703 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 3 487 дана (5 605 кг) таза тұқымдас балықтар.


"Алды алынған залал сомасы 279 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде", — деп жазды ҰҚК Шекара қызметінен.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: