Ғылым министрлігі баршаны алаяқтықтың жаңа толқыны жайынан құлғадар етті

Алаяқтық, Ғылым және жоғары білім министрлігі, жалған аккаунт, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 18:35 Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ел азаматтарын алаяқтық фактісі жайынан ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік аталған ескертуді 2024 жылы 5 маусымда таратты. 

"ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды WhatsApp және Telegram желілері арқылы жалған аккаунттар ашып, Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметкерлері мен басшылығы атынан қоңырау шалатын, сонымен қатар жалған ақпарат жіберетін бір топ адамдардың алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге жазылмауға, сондай-ақ ақша аударымдарына жол бермеуге шақырады", делінген хабарламада.

Ғылым министрлігі осындай күмәнді қоңыраулар түссе, бұл фактілер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: