Ғылым министрлігі: студенттердің көлік шығынына арналған қаражат ЖОО шоттарына аударылды
Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтік желідегі студенттердің шағымына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын Қазақстандағы студенттерге жылына екі рет көлік шығындарын өтеу үшін 4 АЕК (15 728 теңге) көлемінде жол стипендиясы төленеді. Әлеуметтік желіде студенттер осы уақытқа дейін аталған жол төлемдерін алмағанына шағымданған.
"2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне арналған қаражат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан толық көлемде жоғары оқу орындарының есепшоттарына аударылды. Енді бұл қаражаттар университеттер арқылы студенттердің жеке банк карталарына аударылады", делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда ҚазҰУ-дың студенті биіктен секіріп, мерт болғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript