Әйел адамнан ақша бопсалаған Ақсу қаласының екі тұрғыны сегіз жылға сотталды

Ақша бопсалау, Павлодар облысы, Ақсу, қорқытып-үркіту, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 19:29 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 5 маусымда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ірі көлемде ақша бопсалау фактісі бойынша екі ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен мыналар анықталды:

  • 2021 жылдың мамыры мен 2023 жылдың 13 шілдесі аралығында Ақсу қаласында Б. және К. азаматша Г.-ға оны масқаралайтын мәлiметтердi таратып жіберетінін айтып қорқытып, 23 939 000 теңге талап етіп алған.
  • Б. мен К.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
  • Б. өз кінәсін ішінара мойындады, ал К. кінәсін мойындамады.

Сот шешімі:

  • Сот Б.-ның бұрын сотталмағанын, жағымды мінезделуін және кінәсін ішінара мойындуын, К.-ның бұрын сотталмағанын және жасын ескере отырып, олардың әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
  • Қылмыс жасауда пайдаланылған ұялы телефондар мемлекет пайдасына тәркіленді.
  • Жалпы сомасы 27 000 000 теңгеден астам талап қою толығымен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: