Жаңалықтар тізбегі
0

Сотталып, ақталған Алматы қалалық ТЖД-ның экс-бастығы 100 млн теңге өндіріп алмақ болды

Руслан Қасыбаев, Алматы қалалық ТЖД-ның экс-бастығы, моральдық өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 18:13 Сурет: БҚО ТЖД
Алматы қалалық ТЖД-ның бұрынғы бастығы Руслан Қасыбаев алдымен билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталып, кейіннен ақталды. Содан соң ол өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы гарнизоны әскери сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы үкіміне сәйкес, Қасыбаев қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауына байланысты ақталды. Алайда, әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Қасыбаевтың ақтау үкімі айыптау үкімімен ауыстырылды. Ол ҚР ҚК-нің 450-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы арызы Жоғарғы сотқа  дейін жетті. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен ол қайтадан ақталып, жауапкершіліктен босатылды.

"Талапкер сотқа жүгіне отырып, Қаржы министрлігінен 100 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы талап-арыз берді. Ол қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу және оңалту құқығын талап етуге болатынын айтқан сот шешіміне сүйенеді. Талапкер 1,5 жылдан астам уақыт бойы заңсыз қылмыстық қудалауда болды, моральдық азапты бастан кешірді, атап айтқанда қорлану, ашулану, депрессияға ұшырау, ұятқа қалу, үмітін жоғалтып, тығырыққа тірелу, ыңғайсыздану, т.б.", делінген Алмалы аудандық сотының қарауындағы құжатта.

Нәтижесінде сот Руслан Қасыбаевтың моральдық зиянды өтеу туралы талабын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасынан Руслан Әмірзадайұлы Қасыбаевтың пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 3 000 000 теңге мөлшерінде сома өндіріп алынсын. Көрсетілген сомаларды төлеу бойынша міндет бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Қаржы министрлігіне жүктелсін. Қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылсын", делінген сот шешімінде.

2023 жылғы 27 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қасыбаевқа қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады. 

2024 жылы қаңтарда Қасыбаевтың ақталып, босатылғаны белгілі болды.

2024 жылы ақпанда Қасыбаев БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: