Ақтауда бүтін бір ықшам аудан қоршауға алынған – полиция түсініктемесі

Полиция, Ақтау, ықшам аудан, қоршауға алу, көліктерді тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 15:06 Сурет: pxhere
Ақтау қаласының тұрғындары 21-22 маусым аралығында жол полицейлерінің көлік жүргізушілерін жаппай тексеруіне алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары 21-інен 22 маусымға қараған түні 7 ықшам ауданды құқық қорғау органдары толықтай қоршауға алғанын айтуда. Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық ПД түсініктеме берді, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

"Мұның себебін білетіндер бар ма? Ықшам ауданға кіріп-шыққандардың барлығының жүк салғышы мен салонын еш себепсіз тексеріп жатыр", - деген жүргізушілердің бірі басылымның тілшісіне.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қазіргі уақытта қаланың барлық ықшам аудандарында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы пысықталып жатқанын нақтылады. Шара барысында құжаттарға, сондай-ақ қару мен есірткінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: