Алматыда Горкий атындағы саябақта әйел адам биіктен секіріп, мерт болды
Сурет: pexels
Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында әйел адам "биіктен шолу" (колесо обозрения) аттракционынан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаны растап, жедел жәрдем келгенге дейін келіншектің жан тапсырғанын атап өтті.
Полиция да қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған не түрткі, сондай-ақ басқа да мән-жайлар анықталып жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, әлеуметтік желіде марқұмның Алматы облысы, Іле ауданындағы үйінде өз баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарауда. Содан кейін ғана ол саябаққа бет алған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript