Шымкенттік кәсіпкер 263 млн теңге көлемінде салық төлеуге міндеттелді
Сурет: freepik
Шымкент қаласының прокуратурасы кәсіпкердің салықтық тексеру актісін және тексеру нәтижесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талабын сот қанағаттандырудан бас тартқанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласы прокуратурасының хабарлауынша, Жоғарғы cот прокурордың мемлекетке 263 млн теңгеден астам ақшаны қайтару туралы кассациялық өтініш хатын қанағаттандырды.
Шымкент қаласының МАӘС шешімімен "Teмір-Металл оптом" салықтық тексеру актісін және тексеру нәтижесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талабы қанағаттандырудан бас тартылған.
"Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойынша аталған ЖШС-ға қатысты салықтық құжаттамалық тексеру тағайындаған. Тексеру қорытындысы бойынша хабарлама беріліп, оған сәйкес қосымша 263 млн теңге есептелген", делінген прокуратура хабарламасында.
Кәсіпкер сот шешімімен келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсірген. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.
"Апелляциялық сатыдағы соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты қала прокуратурасы кассациялық өтінішхат енгізіп, мемлекеттің мүддесін қорғады", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript