БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің бұрынғы кеңесшісі 15 тәулікке қамалды
Сурет: Zakon.kz
28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істің мән-жайлары бойынша елші кеңесшісі жанжал барысында жұбайының әпкесіне қатысты физикалық күш қолданған.
"Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін көрсетті, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған орын ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек М-ның әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті", делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысымен сотталушы ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінде кеңесшісі болып істейтін Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінен көп жылдар бойы қорлық көріп келгенін, соңғы сәтте әпкесімен бірге таяқ жегенін айтып, полицияға арызданған. Дипломат әйелінің арызынан соң елге шақыртылып, қызметінен босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript