Жаңалықтар тізбегі
0

Rolex компаниясы Қазақстан азаматын сотқа берді

Сот үкімі, Rolex компаниясы, Қазақстан азаматы, соттасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 19:44 Сурет: pixabay
Швейцариялық Rolex SA бренд сағаттарын өндіруші фирма Қазақстан азаматын сотқа беріп, өз құқықтарының бұзылғанын дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 12 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  2023 жылы 19 маусымда Қазақстан азаматына "C" тауар белгісі тіркелгенін хабарлады.

"2023 жылы 4 қыркүйекте Rolex SA өкілінің атынан осы тауар белгісінің күшін жоюға наразы шағым түсті. Rolex SA пікірінше, отандық тұтынушы бұл тауар белгісін белгілі швейцариялық компаниямен, атап айтқанда оның COSMOGRAPH тауар белгісімен байланыстыратын болады.  2024 жылы 20 ақпанда ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің шешімімен "C" тауар белгісінің күшін жоюдан бас тартылды", делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық кеңестің аталған шешіміне қатысты Rolex SA өкілі елорданың әкімшілік сотына шағымданады.

"Компания өзінің талаптарын "C." және COSMOGRAPH тауарлық белгілерінің араластыру дәрежесіне дейін ұқсас екендігімен негіздеді. Бұл тауарға немесе оны өндірушіге қатысты жаңылыстыруға алып келуі мүмкін деп санады.  Сот істі қарау кезінде Rolex SA компаниясы 1961 жылғы 4 мамырдағы 14-сыныпты тауарларға, атап айтқанда сағаттардың барлық түрлері мен олардың құрамдас бөліктеріне қатысты басымдығы бар халықаралық тіркеу бойынша COSMOGRAPH тауар белгісінің иесі болып табылатынын анықтады" делінген хабарламада.

Соттың пікірінше, дәл осы ауызша бөлік семантикалық тұрғыдан басым болып табылады, себебі онда тұтынушының жалпы әсері қалыптасады.  Осылайша, сот "C." және COSMOGRAPH тауарлық белгілерімен тауарларды араластыру ықтималдығы жоғары деген қорытындыға келді, бұл жағдай тауарға немесе оны өндірушіге қатысты жаңылыстыруға алып келуі мүмкін.

"Сонымен қатар, сот "Google" іздеу жүйесі арқылы әлеуметтік желілердегі "C." беттерін зерделеп, "C." сағатын сатып алу сұранысы бойынша Rolex SA өнімдеріне сілтемелері бар көптеген нәтижелер алынды. Сондай-ақ, соттың бастамасы бойынша тауарларды араластыру дәрежесі бойынша қорытынды беру үшін маман тартылды. Маман жүргізген есептеуге сәйкес "C." аралас тауар белгісі мен COSMOGRAPH ауызша тауар белгісінің сәйкес келетін белгілерінің пайызы 65%-ды құрады, оны сот араластыру дәрежесіне дейінгі ұқсастық ретінде бағалады", делінген сот хабарламасында.

Белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің 2024 жылғы 20 ақпандағы шешімін және "C." тауар белгісін тіркеуді заңсыз деп таныды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: