Жаңалықтар тізбегі
0

"Айка тізімі". Элиталық эскортшылар желісін ұйымдастырушы сот үкіміне шағымдануға ниетті

Апелляциялық шағым, Алматы, Айка тізімі, жеңгетайлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2024 09:50 Сурет: Zakon.kz
Қоғамда атышулы істің бірі - "Айка тізімі" деген атпен танымал, 6,5 жылға сотталған элиталық эскортшылар желісін ұйымдастырушы сот үкіміне шағымдануға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасы өз сайтында жазды:

"Бүгін 6,5 жылға сотталған элиталық эскортшылар желісін ұйымдастырушы 25 жастағы қыздың түрмеде ұзақ уақыт отырғысы келмейтіні белгілі болды. Ол апелляциялық шағым түсірді. Процесс жабық режимде өтеді".

Сотталғандардың ұсталғандары жайлы ақпарат 2023 жылдың маусым айында белгілі болды. Олардың бай клиенттерге үлкен ақшаға секс-кештер ұйымдастырып отырғаны хабарланды. Көрсетілген жеңгетайлық үшін М. клиенттен алынған ақшаның 40% -ына иелік еткен. "Кездесулердің" бір сағаты 500 мың теңгеден басталған. Оның 2022 жылғы ақшалай қаражатының айналымы 209 млн теңгеден асқан.

Тінту кезінде күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар құжат тәркіленді. Одан бөлек Lexus және Toyota Camry көліктері тәркіленді, сондай-ақ есірткі де табылды.

Кейінірек ұсталған адамның жазбаларында болған клиенттердің деректері желіге таралғаны белгілі болды. Даулы тізімде белгілі қазақстандық тұлғалар да болған. Ол "Айка тізімі" деген атпен танылды. Қазақстан ІІМ аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.  2024 жылдың 21 мамырында Алматыда элиталық эскортшылар қызметін ұсынатын бизнесті ұйымдастырушы қызға қатысты үкім шығарылып, ол 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: