Павлодар облысында көпбалалы анаға тұрғын үй қорында тұрған проблемалық пәтер берілген

Проблемалық баспана, Павлодар облысы, көпбалалы ана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 20:19 Сурет: pexels
Павлодар облысында көп балалы анаға мемлекеттік тұрғын үй қорындағы проблемалы пәтер беріліп, іс сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, көп балалы ана Мемлекеттік тұрғын үй қорында баспанаға мұқтаж тұлға ретінде ұзақ уақыт бойы есепте тұрған.

"2022 жылы әкімдік оған Кенжекөл ауылында пешпен жылытылатын жаңа үйден пәтер берді, бірақ тұру барысында сумен жабдықтау және кәріз бойынша көптеген мәселе анықталды. 2023 жылы К. мүгедек деп танылып, ауыр көтеруге қарсы көрсетілімдер болды, соның салдарынан талап қоюшының пешті жағуға физикалық мүмкіншілігі болмай қалды", делінген сот хабарламасында.

К. әкімге тұрғын үй кезегін қалпына келтіру немесе мүгедек мәртебесіне сәйкес басқа тұрғын үй беру туралы өтінішімен жүгінген, бірақ оған бас тартылды. Істі қарау барысында сот әділдік пен ақылға қонымдылық қағидаттарының, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу тәртібінің бұзылуын анықтады.


"Сот шешімімен жауапкер талап қоюшымен пәтерді жалдау шартын бұзу, К-ны мүгедектік мәртебесіне сәйкес, 2014 жылдың 27 маусымынан көп балалы отбасы санаты ретінде тіркелген кезден бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіру, баспанамен қамтамасыз ету туралы шаралар қолдануға мәжбүрленді". Павлодар облысы МАӘС баспасөз қызметі

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: