Қазақстанда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді
Ережелер жаңа редакцияда көрсетілген. Атап айтқанда, "Отбасы Банк" АҚ-да тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерде қаражат жинақтау мерзімі үш жылдан алты жылға дейін ұзартылды.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға келесі мақсаттар үшін жол беріледі:
- тұрғын үйді немесе жер учаскесін (нысаналы мақсаты - жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) сатып алу-сату, айырбастау шарттары бойынша меншікке сатып алуға байланысты азаматтық – құқықтық мәмілелер бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы кепілдігі болған кезде немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы акт жасалған кезде(ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей) түпкілікті есеп айырысуға;
- бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізуге, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға арналған тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеуге, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға;
- тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізу үшін) немесе жеке тұрғын үй салуға (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (қайта қаржыландыру) мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыруға (оның ішінде одан әрі жинақтау үшін).
Бұл ретте, сыйақы мөлшерлемесін және мемлекет сыйлықақысын есептеу және (немесе) қайтару тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
- тұрғын үйді сатып алуға (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізуге) немесе жеке тұрғын үй салуға (нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болатын жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге;
- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алуға, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеуге;
- тұрғын үй құрылысы бағдарламалары немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша төлеуге, жекешелендіруге, төлемді бөліп-бөліп сатып алу-сатуға;
- жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болатын жер учаскесі болған кезде).
Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылысы жинақтарына салым шарты бойынша құқықтарды жұбайына (зайыбына) және (немесе) жақын туыстарына беруге жол беріледі.
Алушының жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым шартын одан әрі үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
Бұдан бөлек, біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының немесе алушының жұбайының (зайыбының) немесе алушының жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй құрылысы бағдарламалары немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, жекешелендіру, төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша төлеуге пайдалануға жол беріледі.
Өтініш берушінің (-лердің) жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының атынан берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануы үшін, тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады, ол олардың ЭЦҚ-сымен немесе некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырылады.
Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған кезде меншікті қаражатын пайдалануға жол беріледі.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан) және алушының жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан жылжымайтын мүлікті сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.
Ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемелері бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға сатып алынған (сатып алынатын) тұрғын үй мүлкі өтініш берушінің, оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының меншігі болып табылған жағдайда жол беріледі.
Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.