Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы бұйрығымен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған ережеге сәйкес, Қазақстан аумағында зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін мына мақсаттарға пайдалануға болады:
- ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна төлеу (жөндеу жұмыстарымен бірге бір келісімшарт аясында);
- тұрғын үй сатып алуға немесе жөндеуге арналған ипотекалық қарыздың негізгі борышын толық немесе ішінара өтеу;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.
Бұған дейін зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарға да пайдалануға рұқсат берілген еді:
- ипотекалық қарыздың негізгі борышын өтеу (жөндеу мүмкіндігімен бірге);
- жеке тұрғын үй салу, соның ішінде жер телімін сатып алу (ЖТҚ немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін);
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы баспана алу.
Жаңа бұйрық 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript