Ақтөбеде заңсыз жүрген Ауғанстанның 15 азаматы ұсталды

Ауғанстан азаматтары, Ақтөбе облысы, Самара-Шымкент, көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 18:02 Сурет: Мой город
Ақтөбе облысында полицейлер мен шекарашылар Қарабұтақ елдімекені маңында Самара-Шымкент тас жолында шетелдіктер мінген үш көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Ауғанстанның 15 азаматының виза мерзімі өтіп кеткені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал тағы бесеуінде тексеру кезінде төлқұжат мүлде болмаған. Барлық жағдайларды анықтау үшін олар көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді. 11 шетелдік елордалық университеттің студенттері екені анықталды, қалғандары елімізге жұмыс визасымен келген екен, деп хабарлайды "Мой город" жергілікті басылымы.

Полиция департаменті елімізде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы мәліметке ие азаматтарға 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: