Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ адам саудасына қарсы күрес саласында бірқатар жаңа функцияларға ие болды

Министерство внутренних дел РК, МВД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 10:12 Фото: polisia.kz
Үкімет 2024 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес ІІМ-нің жаңа функцияларына мыналар кірді:

  • адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру;
  • адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау;
  • адам саудасына қарсы іс-қимыл, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдердің алдын алу, бағалау, адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта бағыттау жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі үйлестіру және жұмыс;
  • адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу саласындағы ҚР заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
  • адам саудасына қарсы іс қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін адам саудасының құрбандарын қайта бағыттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру.

Қаулы 2024 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: