Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ: 2,5 мыңнан астам киберқылмыс ашылды, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды

Жалған қоңырау, интернет-алаяқтық, кибер қылмыс, бұғаттау, ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 19:15 Сурет: pixabay
Премьер-министр Олжас Бектенов 11 қыркүйекте ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес және қаржы пирамидаларының алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды.

"Ішкі істер министрі Ержан Саденов алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде "Киберпол" арнайы топтарымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғанын, нәтижесінде 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелгенін баяндады. 914 қылмыскер ұсталды. Жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды. Еліміздің 5 қаласында 19 SIM-бокс және 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карталары анықталды. "Антифрод-орталық" жұмысы аясында шетелге шығару сатысында тұрған 400 млн теңге бұғатталды", делінген хабарламада.

Шараларды күшейту үшін несие беруден ерікті түрде бас тарту, сондай-ақ жәбірленушінің қатысуынсыз ресімделген несиелерді есептен шығару бойынша бірқатар заңнамалық түзету пысықталуда.

ҚМА мәліметтері бойынша, биыл 43 қаржы пирамидасы анықталып, мессенджерлердегі 266 чат жабылған. Осылайша, 2 млн-ға жуық азаматтың қаржылық шығынының алдын алды. "Киберқадағалау" жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы сайт бұғаттады. Азаматтарға компаниялар мен олардың интернет-ресурстарында қаржылық пирамида белгілерін дербес тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-бот іске қосылды. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам өтініш қаралды.

Бұған дейін аталған жиында Үкімет басшысы тас жол бойындағы қоқыстарды сынға алып, құзіретті органдарға тапсырма бергені хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: