БҚО-да 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен бүлдіршін қызды қағып, мерт етті

Жедел жәрдем көлігі, жол апаты, БҚО, Переметное ауылы, мотоцикл, екі жасар қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 19:16 Сурет: Zakon.kz
БҚО-да Переметное ауылында 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" жергілікті басылымы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиға 15 қыркүйекте сағат 13: 40 шамасында болғанын, екі жасар қыз бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқанын хабарлайды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Щучье қаласында оқушы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткені хабарланған. Қазір 12 жасар қыз бала ауруханада жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: