Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды
Іс материалдарына сәйкес, "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы бола отырып, ол 2019 жылдың қараша – желтоқсан айлары аралығында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған, атап айтқанда, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберген және жалпы сомасы астам жалақы, іссапар шығыстар түрінде 113 млн теңгені заңсыз алуға ықпал еткен.
Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, аудит және маманның қорытындыларымен, ақша қаражатын алу туралы банктік деректермен дәлелденді.
Сотта сотталушының қорғаушылары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтауды сұрады.
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын, келтірілген материалдық залалды толық көлемде ерікті түрде өтеуін таныды
"Сот үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.