"Ертіс орманы" қорында 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін ағаш кесуге тыйым салынды
"Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін",- делінген құжатта.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты iске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
- жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды заңсыз кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынады.
Бұйрық 2024 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.