Қазақстанда орман қоры учаскелерінде cексеуіл кесуге тыйым салынды
Сурет: wikimedia/Elena Litera
Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 30 қазандағы "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәтінде былай делінген:
2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін магистральдық құбырлардың өтуіне жататын орман қоры учаскелерінде және уран кен орындарын игеру орындарында жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл ормандарында кесудің барлық түрлеріне тыйым салынсын.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларына тиісті облыс аумағында бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Бұйрық 2024 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript