Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және беру ережелері жаңартылды

Фуры, грузовая машина, грузовик, трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 11:48 Фото: unsplash
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрығымен автомобиль тасымалы мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ҚР аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылды.

Сертификат беру

Сертификат тасымалдаушының немесе жүргізушінің өтініші бойынша ҚР аумағындағы көліктік бақылаудың стационарлық бекеттерінде беріледі.

Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.

Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:

  • сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;
  • жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;
  • сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;
  • көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.

Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.

Сертификат типографиялық әдіспен дайындалады және қорғау жүйесі бар.

Сертификаттың бланктері қатаң есепке алынатын бланкілер болып табылады.

Мұнымен қоса, ҚР аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.

Қызметті көрсету қағидалары:

"Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы сертификатты алу үшін өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды.

Көлік құралын өлшеуге ұсынған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 1 сағат. 

Көлік құралын өлшеу нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті берушімен сертификат ресімделеді және қызметкер қызмет берушіге өз қолымен тапсырады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі. 

Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді. 

Бұйрық 2024 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: