Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында түрмедегілер бүлік шығарды

Түрме, бүлік, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2024 10:38 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында сотталғандар түрмеде бүлік шығарды, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі сотталғандардың бір бөлігі түрмеде болу режимімен келіспей, қарсылық білдіргенін нақтылайды.

"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекемеге ҚАЖ төрағасы, ҚАЖД және Ұлттық ұланның басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ қадағалау органдары өкілдері келіп, тәртіпті қадағалауда".

Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен ҚАЖД-ның бір қызметкері медициналық көмекке жүгінді. Олардың жеңіл дене жарақатын алғаны айтылады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Бұған дейін Шымкент колониясында 37 жастағы сотталушы белгісіз жағдайда көз жұмғаны хабарланған болатын. Ер адамның түрмеге түскеніне бір-ақ ай болған. Марқұмның туыстары оның өліміне мекеме қызметкерлерінің қатысы барына сенімді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: