Жаңалықтар тізбегі
0

Қоқыс арасынан табылған ішінде ақшасы бар пакет астаналық зейнеткерге табысталды

Зейнеткер, Астана, қоқыс жәшігі, ақша, пакет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2024 09:39 Сурет: Zakon.kz
Астанада қоқыс контейнерінен ішінде ақшасы бар пакет табылды. Ақшалай олжа бірден иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  86 жастағы елордалық зейнеткер алаяқтық әрекеттердің құрбаны болды, оған қызы ретінде белгісіз біреу қоңырау шалып, жол апатына түсіп қалғанын айтып көмек сұраған.

Бұған сеніп, қызының тағдырына алаңдаған зейнеткер шотынан 700 мың теңгені шешіп алып, оларды болжамды курьерге тапсырған. Алайда "Байқоңыр" ауданы полиция бөлімінің жедел жұмысы мен кездейсоқ ұмытылған пакетті орындықтың астынан тауып алып, оны қоқысқа тастаған аула сыпырушысының көмегінің арқасында, алаяқтар олжасыз қалды.

Ақша салынған пакет қоқыс жәшігінен табылып, дереу иесіне қайтарылды. Зейнеткер тек кәсібилігін ғана емес, адамгершілігін де дәлелдеген полицейлерге алғыс сөздерін аямады

.Астана қаласының ПД қырағылықтың маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды бейтаныс адамдарға ақша аудармас бұрын ақпаратты тексеруге шақырады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: