Интернеттегі суицид насихаты: Бас прокурор мәлімдеме жасады

Берік Асылов, Интернет, суицид, насихат, Бас прокурор, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 17:42 Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп тергеу барысын баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

"Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз", деп жазды Асылов Х желісінде.

2024 жылы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арнаның анықталғанын хабарлады. 6 қазанда Бас прокурор Берік Асылов күмәнді сайттарды тексеріп, балалардың орнына қаскөйлермен ойнап көргендерін айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: