Бас прокурор Асылов Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады
Сурет: wikimedia
Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берік Асылов X әлеуметтік желісінде былай деп жазды:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша 10 айыпталушыға қатысты іс сотқа жіберілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript