Шымкентте ломбардты тонамақ болған қарулы адамға қос жасөспірім тап берді

Ломбард, Шымкент, қарулы шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 21:14 Сурет: pixabay
Шымкенттегі ломбардтардың біріне қолында тапаншасы бар, бетіне бетперде таққан белгісіз тұлға баса-көктеп кіріп келіп, кассирден 100 мың теңге талап еткен. Осы кезде ломбард ішінде тұрған қос бозбала қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны залалсыздандырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бозбалар  тәртіп сақшылары келгенше қаскөйді ұстап тұрған.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындады.

Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: