Астанада жеделсаты ішінде бес жасар балаға жасөспірім пышақ жұмсаған

Жедел жәрдем,  Астана, жеделсаты, бес жасар бала, пышақтау, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 20:50 Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан белгісіз адамның пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті растады.

"Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар заңнамаға сәйкес тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", – деді полициядан.

Сондай-ақ, құзырлы ведомство зардап шеккен баланың ауруханаға жатқызылғанын, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Шабуылдаушы жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін бірден белгіленген тәртіппен оқшауланады", - дейді полициядағылар.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде Zakon.kz сайтына бетінде бірнеше жарақаты бар баланы жедел жәрдем бригадасы №2 Көп салалы қалалық балалар ауруханасына жеткізгенін айтты.


"Баланы кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы ауыр. Ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды", - дейді басқармадағылар.

Бұған дейін Петропавлда жалаңаш балалардың суреттері желіде тарағаны хабарланған

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: