Жаңалықтар тізбегі
0

Стратегиялық жоспарлау агенттігі функцияларын кеңейтті

Госслужба, планшеты, детали, заседание, совещание, зал заседаний, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 13:46 Фото: senate.parlam.kz
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 қазандағы жарлыққа қол қойып, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ереже келесі мазмұндағы жаңа функциялармен толықтырылды:

  • статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
  • мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
  • қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;
  • әкімшілік деректердің сапасын анықтау;
  • мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қолданылатын деректер көздерін немесе индикаторлардың тиісті есептеулерінің әдістемесін негізгі ұлттық индикаторлар картасын бекіту;
  • мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ҚР Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін келісу;";
  • ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу;
  • ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық тіркелімдердің тізбесін келісу;
  • мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесін немесе иесін деректер өнімдерін жеткізушілердің тізіліміне енгізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • деректерді басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;
  • құпия емес мәліметтерді ұсыну.
  • ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін өтеулі негізде статистикалық ақпаратты беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде беру тәртібін әзірлеу және бекіту.

Сонымен бірге жаңа редакцияда келесі функциялар көрсетілген:

  • елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды әзірлеу;
  • жүйелік (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде іске асырылу барысына мониторинг және бағалау;
  • ҚР ҰҚК келісімі бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін деректер базасын сәйкестендірілмеген түрде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, деректер базасын және олардың платформаларын, статистикалық тіркелімдерін, интернет-ресурстарын қалыптастыруды, сүйемелдеуді және өзектендіруді қамтамасыз ету;
  • ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Жарлық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: