Алматыда ірі есірткі зертханасынан 15 келі дайын мефедрон табылды

Мефедрон, Алматы, есірткі зертханасы, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 17:55 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 22 қазанында Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен ірі есірткі зертханасы сәтті жойылды. Операция барысында қылмыстық кәсіпорынының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зертхананы тінту кезінде 3 полиэтилен  пакетке оралған 15 келі дайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш,  8 пластикалық науалар табылып тәркіленді.

"Тәркіленген барлық құрал-жабдықтар мен заттар сараптамаға жіберілді. Зертхананы ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы қаласының прокуратурасы

Айта кетсек, 2024 жылы Алматы қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: