ҰҚК Алматыда тағы бір есірткі зертханасын жойды

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 09:39 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2025 жылдың мамыр айында Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады:

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды. Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: