Жаңалықтар тізбегі
0

Бишімбаев ісіне төрағалық еткен судья марапатталды

Қуандық Бишімбаев ісі, судья, Айжан Көлбаева, марапаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 19:27 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Бүгін, 2024 жылы 28 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награданы табыс етті.

Марапаттау рәсімі, Қуандық Бишімбаев ісі, судья, Айжан Көлбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 19:27

Сурет: Telegram/astanasottary

"Іс-шарада Айжан Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды", делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Марапатты табыстау барысында Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.

Айта кетсек, 2024 жылы 24 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі прокурорлар – Айжан Аймағанова и Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградаға ие болғаны мәлім болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: