Астанада АЭА аумағы кеңейтіліп, туристік аудан құрылады
Атап айтқанда, туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту мақсатында көпфункционалды туристік аудан құрылысы шеңберінде "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту көзделуде.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 846,185 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына ауданы 157,585 гектарды құрайтын "Көпфункционалды туристік аудан" субаймағы кіреді.
Бұрын АЭА аумағы 688,6 гектарды құраған.
АЭА құру мақсаттарының бірі әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау саласына және туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту болды.
Құжат 12 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.