Ақтөбеде сапасыз жүргізілген құрылыс кесірінен мемлекетке 337 млн теңге шығын келді

Сапасыз құрылыс, Ақтөбе, Қарғалы тұрғын үй алабы, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 19:30 Сурет: pixabay
Ақтөбе қалалық №2 сотында 6 қарашада 337 млн теңге материальдық шығын келтірген төрт адамға қатысты алаяқтық және екі тұрғын үй алабы бойынша сапасыз құрылыс жүргізу бабымен қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарын қарау кезінде 2017-2019 жылдар аралығында Ж. алдын ала сөз байласу арқылы А., К. және Д-мен Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Қарғалы тұрғын алабының №39 К және №40 К тұрғын үйлерінің шарт талаптарына және жобалық құжаттамасына сәйкес келмейтін сапасыз салынған тұрғын үйлерді пайдалануға бергені анықталды. Іс бойынша 46 тұлға жәбірленушілер болып танылды. Осылайша, қала әкімінің аппараты атынан мемлекетке жалпы сомасы 337 млн теңгеге материалдық залал келтірілді.

Сот отырысында сотталушылар кінәләрін мойындамады.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, куәгерлердің жауаптарымен, сынақ хаттамасымен, сараптама қорытындысымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық расталды.

Сот үкімімен сотталушылар Ж және А. мүлкі тәркіленіп, құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сотталушылар К. және Д. мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге инженерлік қызметтер саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: