Ақтауда телефонды дымқыл майлық қорабына салып, тергеу изоляторына өткізбек болған
Сурет: Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді. Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері NOTHING маркалы смартфон мен екі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.
"Смартфон дымқыл майлықтардың қорабына жасырылған болатын. Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды".Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript