"Қар борап тұр". Абай облысының полицейлері жолдың жабылуына байланысты ескерту жасады
Сурет: pxhere
2024 жылғы 10 қарашада боран мен қалың қарға байланысты Алматы – Өскемен тас жолының бір бөлігі жүк және жолаушылар көліктері үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шектеу Алматы – Өскемен тас жолының Таскескеннен Қалбатау ауылына дейінгі (683-967 км) аралығындағы жол учаскесіне қатысты екені нақтыланады. Осыған байланысты Өскеменге қатынау уақытша қиындады.
"Шектеу 10 қарашада сағат 16:30-дан бастап күшіне енді және ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін өз күшінде болады". Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерді сақ болуға және балама бағыттарды жоспарлауға шақырады.
Бұған дейін Ақмола облысында боранда қалып кеткен 600-ге жуық көлікке полицейлер көмектескенін жазған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript