"Халық Арена", "Алматы Арена" және бірқатар ірі нысан мемлекет меншігіне қайтарылды

Халық Арена, Алматы Арена және бірқатар ірі нысан мемлекет меншігіне қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 17:28 Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров 2024 жылғы 14 қарашада жекеменшік спорт нысандарының мемлекетке қайтарылғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Алматыда бұрын мемлекет-жекеменшік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған "Халық Арена" мен "Алматы Арена" нысандары (жер учаскелерінің ауданы - 15,9042 га, үй-жайлардың ауданы - 136 112,7 ш.м) коммуналдық меншікке қайтарылды.

Сонымен қатар, Атырау облысында "Мұз сарайы" (ауданы - 6 мың шаршы метр) спорт нысаны коммуналдық меншікке қайтарылды, ол 2018 жылы "Байбарыс-Атырау" хоккей клубын басқаратын жеке кәсіпкерге негізсіз берілген.

"Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңын қамтитын стадион мемлекеттік меншікке қайтарылды. Шымкентте 7 жыл бұрын 128 млн теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің үлесі (67%) де мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендіріліп, "Айша бибі" су добы клубы болып қайта құрылған ЖШС мемлекет меншігіне өтті (клубтың меншік нысаны КММ-ге қайтарылды).

"Сондай-ақ, жалған құжаттар негізінде спорттық атақтар беру фактілері анықталды", - деп атап өтті спикер.

Айта кетсек, 2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі Алматы мұз ареналарын басқару бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жеке әріптесті анықтау бойынша ашық конкурс өткізді. "Халық Арена" және "Алматы Арена" мемлекет-жекешеменшік әріптестігі шеңберінде басқару құқығы жекеге берілді. Онда да бұл арада "M-Line Property Management" ЖШС туралы сөз болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: