Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор еліміздегі ең қымбат футбол клубының былықтарын жария етті

Астана футбол клубы, легионер, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 19:51 Сурет: fcastana.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет футболға жұмсалатын барлық бюджет қаражатының 25%-ы немесе 50,1 млрд теңге ("Самұрық-Қазына" АҚ демеушілік қаражаты) тиесілі еліміздегі ең қымбат футбол клубы – "Астана" ФК шығыстарына талдау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров 2024 жылғы 14 қарашада өткен брифинг барысында атап өткендей, 2018-2023 жылдары "Астана" ФК қаражатының 66% - дан астамы немесе 33,1 млрд теңгесін еңбекақы төлеуге жұмсаған. Бұл ретте жалақы мөлшері футбол клубы басшылығы мен ойыншылардың қалауы бойынша анықталған.

"Агенттік төлемдері бойынша да елеулі бұзушылықтар табылды. "Астана" футбол клубы соңғы 5 жылда тек делдал-агенттерге футболшыларды тарту үшін 4,5 млрд теңге төлеген", - деді Данияр Биғайдаров.

Ол шетелде оқу-жаттығу жиындарына қомақты қаражат бөлінгенін айтты. 2018 жылдан бастап футбол клубтары осындай алымдарға 6,4 млрд теңге жұмсапты. Мысалы, "Астана" ФК осы мақсаттарға, яғни Түркия мен Дубайдағы жиынға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген.

"Кәсіподақ клубтарының мұндай саясаты спорттық инфрақұрылымды дамытуға бөлінуі тиіс ресурстарды шектеді. Ең қымбат "Астана" футбол клубының өз академиясы мен футбол алаңы жоқ. Нәтижесінде клуб алты жыл ішінде футбол алаңдарын жалға алуға шамамен 1,4 млрд теңге жұмсаған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

Сонымен қатар, жекелеген клубтар да өздеріне миллиондап сыйақы тағайындаған. Ақтөбе облысында "Ақтөбе "облыстық футбол клубы" АҚ Басқарма төрағасы демеушіні тауып, тартқаны үшін өзіне 40,4 млн теңге негізсіз сыйақы тағайындаған. Сот тәртібімен ақша өндіріліп, өңірдегі балалар футболын дамытуға бағытталатын болады.

Данияр Биғайдаров заңнамалық деңгейде легионерлерді бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде квазимемлекеттік сектор қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу жоспарланып отырғанын айтты. Кәсіби клубтарды қаржыландыру процестері де қайта қаралуда.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: