Қостанай облысының тұрғыны жұрттың көзінше көшеде итті бауыздамақ болған

Ит, қатыгездік, Рудный, Қостанай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 20:08 Сурет: polisia.kz
Рудныйда әйел адам иттің пышаққа түскенін көріп, жануарды қорғау үшін дереу полицияға хабарласқан. Ол итке қатыгездік танытқан ер адамның үстінен шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр.

"Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген", - дейді полициядағылар.

Полиция баршаны жануарларға қамқор болып, қатыгездік фактілері туралы өздеріне хабарлауды сұрайды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: