Ер адам университеттің есігін талқандады: елордада бөтеннің мүлкін бүлдіретіндер көбейген

Есік, Астана, ЖОО, вандал, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2024 12:52 Сурет: Zakon.kz
Астанада "Тоқта, вандал" акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. Полицейлер мінез көрсетіп, ашуын бөтеннің мүлкінен алатындардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 12 қараша кешкісін университет ғимаратында ашуға булыққан 32 жастағы ер адам ағаш есікті ұрып, зақымдаған.

17 қарашаға қараған түні 37 жастағы азамат полиция ғимаратында кезекші бөлімде қолымен терезені ұрып, сындырған.

18 қарашада кешкісін 42 жастағы азамат біреудің көлігі тепкілеп, оған залал келтірген. Бірнеше сағаттан кейін 36 жастағы басқа адам мас күйінде басқа ауданда да көлікті зақымдаған.

"Олардың барлығы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы), ондағы залал 200 АЕК немесе 690 мың теңге сомасынан аспайды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Жыл басынан бері сот 270-тен астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: