Астанада полиция ер адамнан есірткінің 100-ден астам бір реттік дозасын тәркіледі

Астанада полиция ер адамнан есірткінің 100-ден астам бір реттік дозасын тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 18:31 Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды.

"Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді", – деп хабарлады полиция.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған бойжеткен ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: