Сотталушыдан ақша бопсалаған түрме бастығы жұмысынан айырылып, 45 млн теңге айыппұл арқалады

Түрме бастығы, Ақмола облысы, Степнагорск, алаяқтық, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 17:21 Сурет: Zakon.kz
Степногорск қалалық соты алаяқтыққа әрекет жасағаны үшін кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісіміне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Х. сотқа өзін шартты түрде мерзімімнен бұрын босату туралы өтініш берген.

"Мекеме бастығы Б. соттың қабылдайтын шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыны 6 млн теңгеге мәселесін оң шешуге көмек көрсете аламын деп алдаған. Сонымен қатар Б., егер Х. ақша бермесе, онда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылады деп қорқытқан", делінеді сот хабарламасында.

Сотталған құқық қорғау органдарына Б-ның заңсыз талаптары туралы хабарлап, түрме басшысы ақшаны алу кезінде ұсталды.

Сот үкімімен түрме бастығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, құқық бұзушылық жасау жолымен алынған ақша мемлекет кірісіне тәркіленіп, 7,5 еселенген мөлшерде (45 млн теңге) айыппұл тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылы 23 қарашада Таразда прокуратура қызметкері ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: