Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктердің тізімі өзгереді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, собеседование, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 16:45 Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер бірінші басшы мен оның орынбасары жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыра алатын, шетелдік қатысудың жүз пайыздық үлесі бар тұлғалар тобын, яғни заңды тұлғалар құратын шетелдік инвесторларды нақтылау мақсатында әзірленді.

Атап айтқанда, тізбеге жұмыс істейтін шетелдіктер осы лауазымдар бойынша бір бірліктен аспайтын бірінші басшы және оның орынбасары, олардың жарғылық капиталындағы шетелдік қатысудың жүз пайыздық үлесі 300 мың долларға баламалы сомадан кем емес қазақстандық заңды тұлға қосылды.

Түсіндірілгендей, бұл норма заңсыз иммиграцияның жолын кесу үшін енгізіледі, осыған байланысты мақсатты адамдар тобын, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік кәсіпкерлерді нақтылау ұсынылады.

Барлығы тізбеге 22 шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кіреді, оның ішінде:

  1. қандастар;
  2. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес-көшіп келушілер;
  3. босқын мәртебесін немесе пана іздеген адамның куәлігін алғандар;
  4. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар;
  5. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан шартты түрде айыруға, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар;
  6. адам саудасының құрбаны болып табылатындар, адам саудасына байланысты нақты қылмыстық іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кезеңде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
  7. Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келетіндер, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған, шақырушы адамдары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұбайы (зайыбы);
  8. Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитындар және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс істейтіндер;
  9. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;
  10. теңіз және өзен кемелерінің, әуе және теміржол көлігінің экипаж мүшелері болып табылатындар;
  11.  әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;
  12. "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары мен органдары тартатын адамдар;
  13. Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін жасау және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;
  14. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүзеге асыратындар, сондай-ақ халықаралық интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін – егер халықаралық шартта өзгеше үлес белгіленбесе, ұйым штатының 50 пайызынан аспайды;
  15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушы қатарындағы, сондай-ақ біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарында басшы және оқытушы лауазымында жұмыс істейтін және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын адамдар;
  16. жарғылық капиталында қатысу үлесінің жүз пайызы шетелдік болып табылатын қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер;
  17. күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын бір мерзімге іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар;
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламада 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестицияға келісімшарт жасасқан ұйымдардың бірінші басшысы және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметін жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшысы болып жұмыс істейтіндер;
  19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшысы лауазымынан төмен емес лауазымда жұмыс істейтіндер;
  20. ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмысқа тартылатындар;
  21. отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар;
  22. "TURAN" арнайы экономикалық аймағы қызметінің басқарушы үйлестірушісі ретінде жұмыс істейтіндер. 

Құжат 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: