"Семей орманы" резерватындағы өрт: IT-бөлімнің бастығы сотталды

Сотта келтірілген мәліметтерге сәйкес, К. "Семей Орманы" табиғи резерваты ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығы лауазымында екі жыл жұмыс істей отырып, "Грозопеленгаторы" ААЖ жүйесі жабдығының техникалық және бағдарламалық жай-күйін, сондай-ақ осы жүйеге қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін бақылау бойынша тиісті жұмысты жүзеге асырмаған. Өз кезегінде бұл автоматтандырылған жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен көрініс тапты.
"Сот істі қарап, сотталған адамның кінәсінің дәлелденгеніне назар аударды: маманның қорытындысы негізінде, оған сәйкес "Грозопеленгатор" ААЖ 2020 жылдан 2023 жылға дейін тиісті түрде жұмыс істемейді, нәтижесінде бақылаушы операторлардың найзағай белсенділігіне нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу мүмкіндігі болмады, мамандардың қорытындысы негізгі факторлардың қатарында, өртті уақтылы және тиімді сөндіруге "Грозопеленгатор" ААЖ жүйесінің, сондай-ақ сот экономикалық сараптамасының қорытындысының ақауы әсер етті", делінген сот хабарламасында.
Салдарынан табиғи резерватқа 26 млн теңге шығын келтірілді.
Бұған дейін Семей қалалық №2 сотының үкімімен К. кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жылға лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аппеляция алдында шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетсек, шілде айының басында Абай облысында "Семей орманы" филиалының директоры ұсталды. Онымен бірге полицияға тағы бірнеше адам жеткізілді. Олар ормандағы ағаштарды ұрлады деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, өткен жылдың маусым айында Қазақстанның шығысында орман өрті өршіп, салдарынан 14 адам - "Семей орманы" табиғи резерватының қызметкерлері қаза тапты.