"Диван артында жасырын бөлмесі болған". Елордада іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Сурет: pexels
Астанада полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде болған 26 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында оның есірткі саудасын жасырын орындар арқылы жүзеге асырғаны анықталды.
"Қылмыскер жеке үйде жасырынған, ал оның арнайы жабдықталған жасырын бөлмесіне кіретін есік диванның артында орналасқан", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript