Астанада "несие алып бергіш" әйел құрықталды

Несие, алаяқтық, Астана, әйел, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2024 16:25 Сурет: gov4c.kz
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 49 жастағы әйел адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ өз атынан қаланың екі банкінен несие сұрап, өтінім берген. Екі банк те несие шарттарын мақұлдаған, алайда алаяқ бір банктің ақшасын жәбірленушіге беріп, екіншісін өзіне қалдырған.

Кейін банктен келген кредиттің төлемін көрген жәбірленуші полицияға жүгінеді.

"Күдіктінің тағы да осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Елордалық полицейлер азаматтарды қырағы болуға және қаржылық ресурстарын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: