"Ипотека алуға көмектемін". Астанада танысын алдап соққан күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Астанада жедел алдын алу шарасы барысында Есіл ауданы ПБ-ның қызметкерлері елорда тұрғынының сенімін пайдаланып, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің танысынан пәтерге ипотека алуға көмек сұрағаны белгілі болды.
"Күдікті оны уәкілетті органдарда байланысы бар екеніне сендіріп, "қызметтері" үшін қолма-қол 200 мың теңге сұраған. Ақшаны алған алаяқ жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы уәделерімен тойдырып, кейін онымен байланысын мүлдем доғарған. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін ақмолалықтың жоғалған картасынан 1 млн теңгеге жуық ақшаны шешіп алған күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript