Тегі қате жазылған Жамбыл облысының тұрғынын зейнетке тіркеуден бас тартылған

Еңбек кітапшасы, қате, Жамбыл облысы, Жуалы, зейнетке тіркеу, бас тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2024 12:50 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының тұрғынына зейнетақы алу үшін сотта өз құқығын қорғауға тура келді. Оған Еңбек кітапшасында тегінің соңғы әрпі қате жазылғаны үшін зейнетақы тіркеуден бас тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Арызданушы Б. 1985-1998 жылдары Жуалы ауданының "П" ұжымдық шаруашылығында әртүрлі мамандықта жұмыс істеген. Зейнетке шығу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде, талап қоюшының еңбек кітапшасында тегінің соңғы әрпі дұрыс емес болуына байланысты Зейнетақыны беру орталығы оған зейнетақы төлеуден бас тартқан", делінеді Жуалы аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот істі қарау барысында, мұрағаттың анықтамасындағы жоғарыда аталып өткен ұжымдық шаруашылығында жұмыс істеген жылдар мен мәліметтер болуына назар аударды.

Талап қою арызы қанағаттандырылды, сот кітапшасының арыз берушіге тиесілі екенін таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: