Түркістан облысында үш күнде 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 40-қа жуық қылмыс ашылды

Полиция, Түркістан облысы, қылмыс ашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 10:55 Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының аумағында үш тәулікте полицейлер 38 қылмысты ашты, оның ішінде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың үш фактісі анықталды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған 3876 адамды тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, профилактикалық іс-шара аясында 2247 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 156 - сы қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін, 14 - і алкогольді өткізу талаптарын бұзғаны үшін және жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін-290 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Тексеру, полиция, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 10:55

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ түнде ата-анасының қарауынсыз үйден тыс жерде болған 189 кәмелетке толмаған анықталды.

Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 21 жүргізуші, ал қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 бұзушы анықталды.

Тексеру, полиция, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 10:55

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Мысалы, Бәйдібек ауданында полиция қызметкерлері "Опель Вектра" көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік айыппұл тұрағына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Тексеру, полиция, Түркістан облысы, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 10:55

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жедел жағдайды сауықтыруға, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: