СҚО-да екі баланың өмірін қиған тамақтан улану дерегі зерттелуде

Школьная столовая, еда, буфет, школьные повара, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 10:11 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы екі адамның өліміне әкеп соқтырған тамақтан улану туралы іс бойынша қосымша тергеу әрекеттерін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news дерегінше, 2024 жылдың жазында Қызылжар ауданында отбасы мүшелерінің тамақтан улану фактісі бойынша облыс прокуратуарсы келесіні мәлімдеді:

"Облыс полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304–бабының 3-бөлігі бойынша екі адамның абайсызда өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу органының құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қабылдаған шешімін облыс прокуратурасы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жойды", — делінген Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында облыстар.

Бұған дейін отбасының кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеп, 3 және 6 жастағы балалары қайтыс болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: